Ақмола облысында мешіттен өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт бүгін Целиноград ауданы, Бірлік кентіндегі мешітте шыққан.
«Бүгін сағат 10:57-лер шамасында «112» телефон нөмірі арқылы Бірлік кентіндегі мешіттің шатыры жанып жатқандығы туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер арада жарты сағат өткенде тілсіз жауды ауыздықтады. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Алдын ала мәліметтер бойынша өрттің шығуына пештің мұржасындағы ақау себеп болуы мүмкін», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталу үстінде.