Шіріген картоптан уланғандардың арасында 17 жастағы жас жігіт бар, деп хабарлайды Elitar.kz.
Төтенше жағдайлар комитеті хабарлағандай, оқиға 2019 жылдың 18 сәуірінде сағат кешкі жетілер шамасында Ақмола облысы, Жарқайың ауданының Державинск қаласында орын алған. Жеке тұрғын үйдің ауласында 1971, 1975, 1981 жылы туған ер адамдар мен 2002 жылы туылған бала уланды.
"Үшеуі
оқиға орнында көз жұмды, ал бала ауруханаға
жатқызу кезінде көз жұмды. Қаза болғандар
Тәжікстан Республикасының азаматтары
болып табылады. Өлімнің себебі - шіріген
картоп өнімдерінен
улану", - деп хабарлады ТЖК.