"Сөйлейтін қол" атты жоба аясында 918 мемлекеттік қызметші ым-ишара тіліне оқытылған.
Мақсат мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мемлекеттік қызметті қиналмай алуларына мүмкіндік жасау.
Мамандардың айтуынша, күнделікті өмірде мүмкіндігі шектеулі адамдар мемлекеттік қызмет алуда қиындық көріп отыр.
"Мемлекеттік органдардың
қызметкерлерін "ымдау коммуникацияларына"
оқыту мүмкіндігі шектеулі адамдардың
есту қабілеті бойынша өтініш беру
мақсатын түсінуге, баръерлерді алып
тастауға және қажетті қызметті сапалы
ұсынуға мүмкіндік береді", — деді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі департаментінің өкілі.
Оқу барысында
оқытушылар түрлі әдістемелік құралдарды қолданып, топтық жаттығулар жасай отырып, мемқызметкерлердің сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.