Оқиға 10 қыркүйекте Ақмола облысы, Зеренді ауданында орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.
Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Краснояр кентінің 61 жастағы тұрғыны хабарласқан. Егде жастағы азамат өз шағымында белгісіз біреулердің «ВАЗ-21053» көлігін айдап әкеткенін айтқан.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасына кіріскен. Белгілі болғаны 43 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел күдікті ретінде ұсталды.
"Күдіктілер қылмыстарын мойындады. Кейін анықталғандай, күдікке ілінген әйел көлік иесінің бұрынғы танысы болып шықты. Ішімдік ішіп алған келіншек өзінің жақын досымен көлік иесі ұйықтап жатқанда көлігін айдап әкеткен», - делінген ведомство хабарламасында.