Ақмола облысындағы Есіл қаласында ерлі-зайыпты иістен көз жұмды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмдардың туысы болып келетін 60 жастағы жергілікті тұрғын ерлі-зайыптыларға хабарласып, ала алмаған. Үйіне барса, есікті ешкім ашпапты. Кейін полицейлерге шағым түсірген. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары мен құтқарушылар үйдің есігін бұзып ашқанда жатын бөлмедегі кереуетте екі мәйіт жатқан. Алдын ала болжам бойынша ерлі-зайыптылар иіс тиіп көз жұмған. Олардың денелерінде зорлық белгілері болмаған.