Оқиға Ақмола облысының Степногор қаласында орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.
7 қаңтар күні қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзін алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып шағым түсірген. Зардап шегушінің мәліметінше, бейтаныс жігіт одан 70 мың теңгеге ұялы телефон сатып алған. Ал оның ақысы ретінде жалған ақша төлеген.
Тәртіп сақшыларының жүргізген жедел іздестіру шарасы кезінде күдікті ретінде 23 жастағы астаналық тұрғын ұсталды. Ол расымен де ұялы телефон сатып алғанын мойындады, бірақ ақшаның жалған екенін білмейтінін айтқан. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, жалған ақша сараптамаға жіберілді.