Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 қаңтар күні сағат 04.27-де орын алған. Полицияның «102» қызметіне Просторная көшесінде бес қабатты үйдің шатырына белгісіз жас жігіттің шығып алғаны және оның секіруге оқталғаны туралы хабарлама келіп түседі. Орал қалалық полиция басқармасының тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жеткен. Полицейлер келіп жеткенде жас жігіт «Анамды шақырыңыздаршы, мен оны жақсы көремін, қоштасқым келеді» деп айқайлаған көрінеді. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері де келген. Полицейлермен тілдескен жігіт арнайы жасақ көмегімен шатырдан түсірілді. Белгілі болғаны, 20 жастағы жігіт келіншегімен ренжісіп қалған соң шатырдан секіріп, суицид жасамақшы болған. Айта кетейік, жас жігіттің үйлену тойы өз-өзіне қол салмақ күннен бір күн бұрын өткен.