Анар Жайылғанова тұрғындар сауалына жауап береді

25 қыркүйек, 15:00

26 қыркүйекте сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанованың қатысуымене интернет-конференция өтеді.

Агенттік төрайымы Мемлекеттік қызметке түсуге және өтуге, персоналды ынталандыру мен дамытуға, мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға, сондай-ақ президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысты сұрақтарға жауап береді.

Интернет-конференция "Ашық диалог" порталында нақты уақыт режимінде өтеді.
Сұрақ қою үшін агенттіктің сайтына мына мекенжай бойынша: http://qyzmet.gov.kz немесе dialog.egov.kz порталына кіру қажет. Кейін "Интернет конференциялар" бөлімін таңдап, өзіңізді қызықтырған сауалды қоя аласыз.