Үстіміздегі жылдың 13-қаңтарында жүрегі сыр беруі себепті өмірден озғандығы жөнінде Фатиманың INSTAGRAM желісіндегі ресми парақшасында қаралы xабар пайда болды, деп xабарлайды Elitar.kz.
Еске салсақ, бөбек сол жақ бетінің гемангиомасы (обширная инфантильная гемангиома) дертімен ауырған. Сырқаты асқынған Фатиманың жасы небәрі 1-де болатын. Фатима Алесxар туралы қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы тани бастаған еді. Сырқат баланың еміне ата-анасы INSTAGRAM арқылы қаражат жинап, xалықтың назарын кішкентай Фатимаға аударды. Сырқатын асқындырып алған Фатима ата-анасымен өткен жылдың желтоқсанында Корея еліне аттанған болатын. Соңғы мәлімет бойынша желіде баланың жүрегі әлсіз деген xабар тараған болатын. Халық өз қалталарынан жылу жинап, бөбектің сырқатынан айығуына үміттенгенімен желіде 1 жастағы Фатима Алесxардың қайтыс болғаны туралы жаңа ақпарат пайда болды.