Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қарағанды тұрғынын ұстады

27 ақпан, 18:00

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ағымдағы жылдың 26 ақпанында Алматы қаласында ауыр қылмыс жасаған, атап айтқанда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 8 жылға жуық халықаралық іздестіруде болған Қарағанды қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады (1997 жылғы редакциядағы ҚК 103-бабының 3-бөлігі).

Қазіргі таңда ұсталған азамат Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы – "күзетпен ұстау".