Белгілі блогер, актер Ануар Нұрпейісов студенттерге мәжбүрлі үгіт-насихат жүргізу шаралары туралы айтып берулерін өтінді. Тіпті жігіт жастарды белгілі бір кандидатқа дауыс беруге мәжбүрлейтін жоғары оқу орындарын әшкерелеуге уәде берді.
"Студенттер, үгіт-насихат іс-шаралары немесе алдағы сайлауда кандидаттардың біреуіне дауыс беруге итермелейтін жағдайлар болса пікір қалдырыңыздар. Ол оқу орнының ректорына мықты анти-реклама жасап беремін. Жастармен лас ойындар ойнағандарыңыз жеткілікті. Ойланыңыз, сіз кімді тәрбиелеп жатырсыз?",- деп жазды өз парақшасында Әнуар.