29 тамыз, 13:30
Атыраудан шақырылған 21 жасар сарбаз ауыр халде жатыр.
Жігіт Приозерскіде орналасқан Ресей қорғаныс Министрлігінің госпиталінде жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жараланған сарбазға ота жасалды. Оқ өкпені жаралаған. Қазір жағдайы ауыр", — деп хабарлады дәрігерлер.
Солдат № 44841 бөлімінде қызмет еткен. Оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз.