Қарағандыда 45 жолаушысы бар автобус жүк көлігімен соқтығысты

21 қараша, 15:08

Оқиға бүгін Қызылорда-Павлодар жолында орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Жол көлік апаты Қызылорда – Павлодар тас жолының 982-ші километрінде орын алған. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегілер айтуынша, автобус Кушоқы ауылынан Қарағанды қаласына бар ажатқан. 45 жолаушысы бар автобус ішіндегі 28 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 9 адам түрлі жарақат алып, медицина мекемесіне жеткізілген. Тағы екі адам автобус ішінде қысылып қалған. Оны құтқарушы қызметі аман алып шықты.

ФОТО: ҚР ІІМ ТЖК