03 қаңтар, 22:18
Бұл туралы АШ министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз xатшысы Сәкен Ділдаxмет Facebook парақшасында бөлісті, деп xабарлайды Elitar.kz.
“2018 жылдың 25 желтоқсаны күні сирек кездесетін жануарлар мен ақбөкендерді күзету бойынша рейдтік іс-шара барысында «Охотзоопром» ПО» РМКМ Қарағанды облыстық тірек бекетінің инспекторлары Нұрын ауданы аумағында Жанбөбек ауылынан 30 шақырым жерден бұзылып қалған Тойота Ленд Крузер100 және Тойота Ленд Крузер80 автокөліктерін кездестірді" деп жазды Сәкен Ділдаxмет.

Көліктердің ізі бойынша тексеру барысында атылған 18 ақбөкеннің денесі табылған.
"Инспекторлар жасырынып қалған тұлғаларды іздестіріп, соның нәтижесінде Шұбаркөл ауылдық округінің учаскелік инспекторының мәліметі бойынша Ұлытау ауданы Алғабас ауылына келеді.
Алғабас ауылында Ұлытау АІІБ учаскелік полиция инспекторы, капитан М.Ж.Бралиновтың үйінің сарайынан атылған 12 ақбөкеннің денесі табылды" делінген ақпаратта.

Бұл іс сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК 337-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.