Қарағандыда қамауда жатқан ер кісі өз-өзіне қол салды

18 қыркүйек, 16:05

Қарағандыда Абай ауданы полиция басқармасының Топар полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында қамауда болған азаматтың өлі денесі табылды. Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты тексеру жұмыстары басталды.

Айта кетейік, өз-өзіне қол салған азамат ҚР ҚК 106-бабы 3 бөлімі бойынша «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» деген күдікпен ұсталған болатын.