Қарағандыда қоқыс маңынан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

25 сәуір, 14:58

Қарағандыдағы шағын аудандардың бірінде қоқыс контейнерінің жанынан жаңа туған ер баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Баланың денесінен зорлық іздері табылмаған. Қарағанды облысы ЖП баспасөз қызметінің мәліметінше өлімнің нақты себебін сарапшылар анықтайтын болады.

"Полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтайды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Полицейлер аталған факті бойынша тергеу жүргізуде. Сәбидің анасы іздестіріліп жатыр.