Қарағандыда үйдің ауласынан пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылды

22 сәуір, 13:20

Оқиға 21 сәуір күні Қарағанды қаласында орын алған.

Қалалық полиция басқармасына Западный көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінің ауласынан белгісіз адамның мәйіті жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер 33 жастағы азаматтың пышақ жарақатынан көз жұмғанын анықтады.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде 42 жастағы азамат ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.