2014 жылы Қытайда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында сұлулығымен көпті аузына қаратқан қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова БАӘ-нің "Аль-Васл" клубындағы дебюттік ойынын өткізді. Бұл туралы спортшы INSTAGRAM парақшасында жария етті.
"2020 жылғы алғашқы ойын. "Аль-Васл" үшін бірінші рет өнер көрсеттім. Бірінші жеңіс", - деп жазды спортшы.
Қазақстандық спортшы ойын көрсеткен клубтың қарсыласы "Аль-Ахли" командасы болған. "Аль-Васл" клубы 2:3 есебімен жеңіске жеткен.
Айта кетейік, қазақ қызы Сабина Алтынбекова үшін шетелдік командада өнер көрсету жат емес. Ол бұған дейін жапондық волейбол клубының ойыншысы болған.