Белгілі спортшы және қоғам қайраткері Ардақ Назаров «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған «Жас Кәсіпкер» жобасының бренд өкілдерінің бірі болды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың өкілі немесе көп балалы отбасылардың мүшелері «Жас Кәсіпкер» жобасында оқи алады.
Осыған орай, боксер Ардақ Назаров жастарды мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға шақырған бейнероликке түсті. Ұйымдастырушылар атақты тұлғалармен вирустық бейнелер сериясын дайындауды жоспарлап отыр.
"Әлеуметтік
желілерден «Жас кәсіпкер», «Бастау»
оқу жобалары туралы ақпаратты көріп,
оны жастар қолдайтынын көргенде, мен
де өз үлесімді қосуды жөн көрдім »,
- деді танымал спортшы.
22 шілдеден бастап еліміздің барлық қалалары мен аудандарындағы 200 мектепте бизнес негіздері бойынша оқытудан өтуге ниет білдірушілер кәсіпкерлікпен айналысуға деген ынтаны анықтау мақсатында тестілеуден өтіп жатыр.
Екі оқу бағдарламасында 75000 өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және көп балалы отбасылардың мүшелері оқытылады, олардың жартысы 18-29 жас аралығындағы жастар болады.
Оқу үшін өтінімді qoldau.atameken.kz сайтында қалдыра аласыз. Палата филиалдары немесе «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына 1432 нөмірі бойынша қоңырау шала аласыз (қоңырау шалу тегін).