Канн фестивалінде үздік актриса атанған қазақ қызы Самал Еслямова енді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, деп хабарлайды Elitar.kz.
Өнер иесіне бұл атақты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев табыстады. Тура осындай атақ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» оқу ордасының аға оқытушысы Ян Рудковскийге де берілді.
Президент қолынан марапат алған актриса журналистерге берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевты көру арманы болғанын айтты.
"Мен оны бала кезімнен көруді армандағанымды айттым. Елбасы маған осындай жоғары награда табыстайды деп күткен жоқпын. Бүгін мен үшін тарихи күн. Армандар орындалады, тек дұрыс армандай білу керек", — деді актриса.
Айта кетейік, бүгін Ақордада Елбасы елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтарған мемлекеттік наградаларды табыстады.
Біз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылатын мықты және тұрақты мемлекет құрдық. Ілгерілеу жолымен қозғала отырып, біз көптеген салалар мен бағыттарда үлкен табыстарға қол жеткіздік. Бұл жетістіктер барлық қазақстандықтардың күш-жігері мен жасампаздық энергиясының арқасында мүмкін болды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Наградаға ие болғандардың қатаында шымкенттік мұғалім Алина Соловьева да бар. №1 А.Пушкин атындағы мектеп мұғаліміне «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы табысталды.
Фото: nur.kz