08 қаңтар, 10:28
Бұл туралы Армения Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты жария етті, деп хабарлайды Elitar.kz.
Жағдайды басынан бақылағандар 3 қаңтар күні Арменияның Қазақстандағы елшілігі тиісті мәлімдеме жасағанынан хабардар. Ол мәлімдеме мереке күндері жасалғанын және барлығы бірдей естімеген болуы мүмкін екенін түсінеміз. Әрине, ол мәлімет біздің жұмысымыздың тек көпшілікке мәлім жағын көрсетеді.
Елшіліктің мәлімдемесінде, нақты айтқанда, бұл тақырып туралы тек ресми дереккөздердің мәліметтері негізге алынатыны және әлеуметтік желілерде тұрмыстық сипатта болған қайғылы оқиғаға ұлтаралық реңк беру мақсатында қоғамдық пікірді бұрмалауға себеп болар жалған ақпарат таратылмауы қажет екеніне назар аударылған.
Бұл мәлімдеме қазір де өзекті күйінде қалуда. Дегенмен, Арменияда елдің ресми ұстанымын ескермеген кейбір мәліметтер жария болып таралды. Армения елшілігінің мәлімдемесінде көрсетіліп, нақты айтқанда, бұл мәселенің Қарағанды қаласында тұрып жатқан отандастарымызға қатысты аса бір әсерлі еместігі айтылған.
Арменияның СІМ және Арменияның Қазақстандағы елшілігі о бастан Қазақстан билігімен, шешім қабылдауға жауапты құрылымдардың құзырлы тұлғаларымен тығыз байланыста тұр. Армения және Қазақстан ведомстволары арасындағы бұл тікелей байланыстар жалғасуда. Екі тарап та бір ұстанымда жұмыс істеуде: бұл тұрмыстық жағдайдағы қылмыстық оқиға және оған ұлтаралық реңк беру әрекеттеріне қатаң түрде тыйым салу керек. Қазақстан тарапы жағдайды бақылауға алуға қатысты тиісті шаралар қолданылып, мұндай сипаттарды болдырмау туралы сенім білдірді. Және бұл іс-шаралар жүзеге асырылуда. Елшілік бірлестіктер құрылымдарының жетекшілерімен де тәулік бойы байланыста.
Болған жағдайға байланысты алаңдаушылықты түсіне отырып кеңесшілер мен мамандарды осынау өте маңызды мәселеге қатысты өз мәлімдемелерінде барынша жауапкершілік танытуды және популизм мен арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз. Бұл – аса маңызды мәселе, және оған ұлтаралық реңк беру бойынша кез келген әрекетке тыйым салынады және жауапқа тартылады.