Павлодарда Арыс тұрғындары үшін көмек жинау штабы ашылды.
Алматы
облысы ТЖД-да Түркістан облысы, Арыс
қаласындағы төтенше
жағдайға байланысты өтініштер үшін
қауырт желі құрылды.
Алматы облысының тұрғындары ақпараттық
және психологиялық көмек көрсету үшін
"қауырт желі" арқылы
хабарласа алады. "Қауырт
желі" нөмірі: 8 (7282) 22-38-52.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Арыстан көшірілгендерге көмек көрсету акциясын бастады. Адамдарды эвакуациялау үшін көлікпен қамтамасыз етуге көмек көрсетіледі.
Қазіргі
уақытта қажетті гуманитарлық көмек
құрамына: азық-түлік, су,
шырындар, балалар тағамы, бірінші
қажеттілік заттары кіреді.
ҚХА
барлық қазақстандықтарды, жастарды,
еріктілерді үн қатуға және техногендік
апаттан зардап шеккен адамдарға көмек
көрсетуге шақырады.
Гуманитарлық
көмекті қабылдау орталығының мекен-жайы:
Түркістан облысының Достық үйі, Шымкент
қаласы, Желтоқсан көшесі, №9/3 үй.
Жұмыс
уақыты: 24-25 маусым-тәулік бойы, 26
маусым-сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін.
Қосымша
ақпаратты мына телефондар арқылы алуға
болады: + 7 (7252) 21-35-40..