Бір адам Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс салдарынан қаза тапты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
"Зардап шеккендер бар, 31 адам медициналық мекемелерге жіберілді. Екеуі ауыр жағдайда. Біреуі көз жұмды. Оның машинасына снаряд түскен", - деді Шөкеев.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әзірге тұрғындардың үйлеріне оралмауына кеңес берді. Үйлер күзетіледі, деді министр.
"Бұл
арсеналда күшті және
қауіпті авиациялық оқ-дәрілер, бомбалар
сақталмады. Барлық оқ-дәрілер детонация
жағдайында жарылыстарды есепке ала
отырып орналастырылған. Негізгі соққы
толқыны далаға бағытталды. Екпінді
толқынның бір бөлігі елді мекенге келді.
Соққы толқынынан шатыр зақымдалды",
- деді Қорғаныс министрі.
Айта кетейік, дүйсенбі, 24
маусым күні таңғы сағат 9.30-да Түркістан
облысының Арыс қаласында әскери бөлім
аумағында өрт шығып, оқ-дәрі жарылған.