Түркістан облысының полицейлері Арыс қаласының тұрғынынан заңсыз қару тәркіледі, деп хабарлайды ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесі күні Түркістан облысының полиция қызметкерлері Арыс қаласының көшелерін патрульдеу барысында бірнеше жас жігіттердің топтасып, жиналып тұрғанын көреді. Олардың бірінен тәртіп сақшылары қаруға ұқсас затты байқап, тоқтауды бұйырған. Алайда, жас жігіттер билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысқан. Полицейлер автокөлікке жасырынып қашқан, қаруы бар күдіктінің ізіне түсіп, оны тоқтатады. Автокөлікті тінту кезінде полиция қызметкерлері аңшы қаруын тауып, тәркіледі.
Аталған
жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді,
жарылғыш заттарды және жарылыс
құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,
өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып
жүру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі
тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі
таңда полицейлер болған оқиғаның
мән-жайын анықтауда. Айғақты заттар
тәркіленді.