Арыс: Тағы бір жарылыс болып, 10 сапер зардап шекті

21 қыркүйек, 18:20

21 қыркүйекте арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дәрінің фрагменті өздігінен жарылды. Салдарынан келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер- әскери қызметші жарқыншақ жарақатын алды.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында ақпарат таратылды.
"Аталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр" делінген ведомство мәліметінде.

Фото: көрнекі