Жамбыл облысына бекітілген 3-сектордағы 6 үй толықтай жөнделіп, бүгін пайдалануға берілді, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Қазіргі таңда Арыс қаласында жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 220 құрылысшысы жұмыс істеуде. Олар 50 жеке тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол үйлердің алтауы бүгінгі таңда толықтай қалпына келтіріліп, пайдаланылуға берілді. Олардың қатарында арыстық көпбалалы ана Гүлмарал Дауылбаеваның да үйі бар. Ол Шымкентте туыстарының үйінде жүрген балаларын алдырып, жөндеуден өткен баспанасына кіргенін қауана жеткізді.
«Мен 5 баланың анасымын. Осыдан
7 жыл бұрын асыраушымыздан айрылдық.
Апат болған күні баспанамыздың шатыры
сынып, қабырғасы қаусап, әйнегі шашылып
қалған еді. Жамбыл облысынан келген
жігіттер үйімді ремонттады. 4 күннің
ішінде үйіме кіріп отырмын. Қабырғам
бүтінделіп, шатыр, есік-терезе қойылды,
сынған ағаштар бүтінделді. Жамбыл
облысының әкімдігіне шексіз алғыс
айтамын. 5 балам Шымкентте туыстардың
үйінде жүрген болатын. Бүгін алдырып,
үйімізге кіріп, қуанып жатырмыз»,-деді
көпбалалы ана.
Айта кетейік, Жамбыл облысына бекітілген 3-секторда қираған 3 үй бар. Олардың екеуі қайта салынып, біреуі толықтай жаңғыртылады. Қалған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.