Арыста тұрғын үйлерді тонау фактісі тіркелді

25 маусым, 09:49

Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Elitar.kz.

"Қазіргі уақытта Арыс қаласының периметрі бойынша күзет орындары қойылды. Қалада ешкім қалмады. Тұрғын үйлерге зақым келген, жарылмаған снарядтар бар. Тұрғындардың қалаға кіруіне тыйым салынған. Қалада ұрлық пен тонау деректері болмауы үшін 75 полиция жасағы жұмыс істеп жатыр. Қазір үш адам ұсталды, олар екі қылмыс жасаған: бір дүкенді қиратып, бір тұрғын үйді тонаған", - деді Тұрғымбаев.

Қала қоршалған. Қаладан шыққан және кірген автокөліктер тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында бірнеше жойқын жарылыстар орын алды. Арыс қаласының тұрғындары түгелдей эвакуацияланды. Жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапқан, бірнеше жаралылар бар. Қалада төтенше жағдай жарияланды.