"Арыстан Патша" анимациялық фильмі үлкен экрандарға шықты

19 шілде, 12:30

Disney компаниясының қазақ тіліндегі "Арыстан Патша" анимациялық фильмі республикалық прокатқа шықты.

Disney анимациялық классикасының кинонұсқасы - махаббат пен достық, адалдық пен билік үшін күрес сияқты қасиеттермен таныс африкалық Саванна тұрғындары туралы. Аңдар патшасы Мусафтан мұрагер Симба дүниеге келеді. Ол барлық қиын жолдан өтіп, соңында аң батшасына айналады.

"Өзіңнен баста" — голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жобасы. 2011 жылдан бастап "Болашақ" корпоративтік қоры мен "Меломан" компаниясының бастамасымен іске асырылуда. Жоба әлеуметтік болып табылады және коммерциялық мақсаттарды көздемейді.

2019 жылы қазан айында қазақстандықтарға қазақ тілінде дубляждалған "Малефисента" және қараша айында "Мұзды өлке 2" фильмдері ұсынылады.

Айта кетейік, бұл "Болашақ" корпоративтік қоры мен "Меломан" компаниясының бастамасымен "Өзіңнен баста" жобасы аясында дубляждалған 31-ші фильм. Жоба "Nur Otan" партиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.