Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Алмаз Нұразхан
Ұлттық музей директоры қызметінен
босатылды.
Арыстанбек
Мұхамедиұлы 2014 жылдың 6 тамызынан бастап
2019 жылдың 17 маусымына дейін мәдениет
және спорт министрі қызметін атқарды.
Жаңа министр болып Ақтоты
Райымқұлова тағайындалды.