Бүгінгі Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты, Шымкент каласы Атамекен Кәсіпкерлер Палатасы қарамағында қаржылай көмек көрсету қоры ашылды.
Осыған орай кәсіпкер Қайрат Молдасейітов қорға 10 млн теңге аударды. Ол өз кезегінде өзге де кәсіпкерлерді, облыс азаматтарын қайырымдылықтан шет қалмай, барынша атсалысуға шақырды.
"Арыс қаласындағы төтенше жағдайға
және зардап шеккендер мен көшірілген
қала тұрғындарына көмек көрсету
қажеттілігіне байланысты мен өз атымнан
10 млн теңге бөлу туралы шешім
қабылдадым.
Құрметті кәсіпкерлер!
Сіздерді өңірімізде болған осындай
қайғылы оқиғадан зардап шеккен
отандастарымызға көмек көрсетуге
шақырамын! Шет қалмай, барлықтарыңыз
атсалысып көмектесуге келіңіздер!",-деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы
Өңірлік кеңесінің төрағасы әрі меценат Қайрат
Молдасейітов.
Айта кетейік, бүгін, 24 маусымда Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болды. Тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Зардап шеккендер бар. Бір адам қаза тапты.