Арыстықтар жыл соңына дейін салықтан босатылды

05 шілде, 13:00

Бұл туралы бүгін облыстық кірістер департаменті берген брифингте айтылды, деп хабарлайды Elitar.kz.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Арыс қаласының салық төлеушілері үшін салықтық каникулдар ұсынады. Аталған шара Премьер-министрдің Арыс қаласының тіршілігін қалыпқа келтіру және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі комиссия отырысында атап өткен тапсырмасында көзделген.

Cалық төлеушілерге салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылмайтын болады, салықтық берешекті өтеу туралы хабарламалар жіберілмейді, салық төлеушілердің (салық агенті) банк шоттары бойынша, касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылмайды, салық төлеушілердің (салық агенті) мүлікке иелік етуіне шектеу туралы шешім шығарылмайды, салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмайды.

Одан бөлек, Комитет барлық шығатын салықтық тексерулерді тоқтатады, сонымен бірге, басқа да салықтық бақылауларға шектеу қояды.

Мәлімет үшін, Арыс қаласында 792 заңды тұлға, 3 085 дара кәсіпкерлер және 65 465 жеке тұлғалар бар.