2019 жылы 2,7 млн қазақстандықтың жалақысы өсті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.
Үкімет басшысының сөзінше, инфляция жоспарлы 4-6% шегінде, яғни 5,4% деңгейінде.
"Халықтың нақты табысы 5,5% өсті.
2019 жылы 2,7 млн азаматтың жалақысы өсті, оған ең төменгі жалақыны ұлғайту шаралары да негіз болды, бұл бизнес тарапынан үлкен қолдау тапты.
Еңбек нарығы да тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.
423 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 280 мыңға жуық — тұрақты жұмыс орындары",-деді Асқар Мамин.