Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістанға келді

26 сәуір, 10:00

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістанға жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды Elitar.kz.

Ең алдымен ол 7000 орындық стадион, әкімшілік-іскерлік орталық, оқушылар сарайы, халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысымен танысты.

А. Мамин сондай-ақ, Түркістан қаласындағы Конгресс холл, музыкалық мектеп, бассейні бар спорт сарайы сынды бірқатар нысандардың құрылыс барысымен де танысады деп күтілуде.

Сапар мақсаты Түркістан қаласының даму келешегін нақтылау.