Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

07 ақпан, 13:15

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Elitar.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері – Үкімет жұмысының аса маңызды бағыты. Көлік саласы Қазақстанның экономикалық өсімінің драйверлерінің бірі және дамудың үлкен әлекетіне ие. Осыған байланысты Көлік жөніндегі кеңесті құру туралы шешім қабылданды», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы көлік секторы Қазақстанның ЖІӨ 8,2% құрайтынын атап өтті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша сала өсімінің қарқыны 5,1% құрады, ал жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны 640 мың адамнан асады.

Көлік жөніндегі кеңес Қазақстанның көлік саласын және транзиттік әлеуетін дамытудың өзекті мәселелерін, өңірлік көлік-логистикалық хабты құру, тұрғындардың мобильділігін арттыру, ел аумағы бойынша жүктердің жеткізілу мерзімін қысқарту т. б. міндеттерді қарастырады.

Кеңес құрамына ҚР мемлекеттік органдарының және көлік саласындағы ірі компаниялардың басшылары кірді.