АҚШ Сенаты Трампты ақтап алды

06 ақпан, 15:03

Конгрес Сенаты АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты импичмент ісі бойынша ақтау шешімін шығарды, деп хабарлайды Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап Elitar.kz.

Президентті қызметінен кетіру үшін сенаторлардың үштен екісінің дауысы қажет болды. Сенаторлар арасында республикалық партия мүшелерінің көп болуы оның ақталуына әсер етті.

Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсан айында Өкілдер палатасы Дональд Трампқа тағылған айыптарды екі санат бойынша қолдады. Трамп Украинаға 391 миллион АҚШ доллары көлемінде әскери көмек төлемдерін бұғаттауға байланысты билікті асыра пайдаланды деп айыпталды. Одан өзге демократтар Дональд Трампты Конгреске әскери көмекке тыйым салуға байланысты эпизодты тергеуге кедергі келтірді деп айыптады. Алайда Президенттің өзі бұл айыптаулармен келіспеді.