АҚШ-та үш метрлік аллигатор түнде тұрғын үйге кіріп, жертөледе сақтаулы тұрған шараптың барлығының көзін жойды. Бұл туралы твиттерде жергілікті полиция хабарлады.
Олардың мәліметтеріне сәйкес, аллигатор түнгі үште терезе арқылы үйге кіріп, жолында кездескеннің барлығын қирата бастаған. Қатты дыбыстардан үйдің иесі оянып, төмен қарай жүгірген. Ол түскен кезде аллигаторды көрген.
Америкалық
аллигаторды залалсыздандыру
үшін дереу құтқарушыларды
шақырған.
Әйелдің айтуынша, рептилия
жертөледегі шараптарды,
ас үйдің бір бөлігін
қиратып, қабырғаға зақым
келтірген.