20 сәуір, 13:30
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер қазақ тілін қашықтан үйреніп жатыр. Оның тілді үйрену сәті елшіліктің Instagram-дағы ресми парақшасында жария етілді.
“Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Мен алматылық такси жүргізушілерінің арқасында орыс тілін үйрендім деп әзілдеймін, бірақ елшіліктегі ұстазымның көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын”,-деді Уильям Мозер.