АҚШ елшісі «Желсіз түнде, жарық айды» оқыды

25 шілде, 10:18

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабыл алды, деп хабарлайды Elitar.kz елшілікке сілтеме жасап.

У. Мозер скрипканың сүйемелдеуінен Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін ағылшын тілінде оқыды.

«АҚШ Елшісі Уильям Мозерге АҚШ мемлекеттік бағдарламаларының бірінің түлегі Альбина Қасенова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу эстафетасын жолдаған еді. Елші мырза бұл бастаманы қолдауды мәртебе санап, ұлы ақынның өлеңін ағылшын тілінде оқып, елшіліктің дарынды қызметкерлерінің бірі Ақботаның орындауында музыкалық сүйемелдеумен бәрімізге белгілі «Желсіз түнде жарық ай» композициясын ұсынды», - делінген елшілік хабарламасында.

Елші кезекті эстафетаны АҚШ дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлеріне жіберді.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.