Асқар Мамин Шымкентке жұмыс сапарымен келді

16 наурыз, 15:18

Үкімет басшысына Шымкентте салынып жатқан бірнеше нысан таныстырылды. «Тұран» шағынауданындағы таныстыру алаңында Премьер-Министрге ауданның дамуы жайлы баяндалды.

«Тұран» шағынауданының жалпы ауданы – 1190 га, ол қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Шағынауданда көпқабатты тұрғын үйлердің, әлеуметтік және коммерциялық нысандардың құрылысы қарастырылған.
ТҮКШ және энергетика басқармасының жетекшісі Нұрлан Аманқұловтың сөзінше, шағынауданда жеке тұрғын үй құрылысына 3046 учаске бөлінген, 1325-і салынған.


67 000 мың тұрғынға жобаланған «Тұранда» қазір 4000 адам тұрып жатыр.
Мұнда 13 магистральды автожол салынады деп жоспарлануда. Алғашқы кезеңде – ұзындығы 7,8 шақырым 3 жол. Жобаның жалпы құны – 2,4 млрд теңге.

Екінші кезеңде жалпы ұзындығы 16,7 шақырымдық 5 көше салынса, үшінші кезеңде 9,1 шақырым болатын тағы 5 көше салынбақ.
Асқар Мамин таныстырылған жобаларға оң баға беріп, жұмысты жалғастыруды тапсырды.