Бұл туралы ұсынысын Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беру рәсімінде мәлім етті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың орталығынан Тұңғыш Президент монументін орнату туралы ұсынысын білдірді.
Елдегі барлық облыс орталықтары мен қалалардағы басты көшелер атауы Нұрсұлтан Назарбаев болып аталмақ. Одан өзге Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреттері мемлекеттік мекемелер мен барлық білім ұяларында сол күйінде ілулі тұратынын жеткізді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" статусын беріп, Тұңғыш Президент, Елбасы мәртебесі мәңгілік сақталатынын айтты. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевты "Халық әкесі" атады.