"Астана" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Аздрен Лулаку команда легионерлерінің жалақысын жария етті.
"Шетелдіктер айына 60 мың еуро алады. Чемпиондар Лигасында жүлделі орындарға өте жоғары төленеді. 30-40-60 мың еуро. Чемпиондар Лигасына енгені үшін әр ойыншы 100 мың еуро, ал жеңіс үшін 15 мың еуро алады", – деді футболшы.
Лулаку 2016
жылдың желтоқсан айында Астаналық
клубқа ауысты. 2017 жылдың шілде айында
ол "Тобыл" ФК-на 31
желтоқсанға дейін жалға берілді.
Қазіргі
уақытта Лулаку румындық
"Астра" ФК құрамында.