Астана күніне арналған Open Air өтпейтін болды

28 маусым, 18:01

Нұр-Сұлтандағы Астана күнін мерекелеуге арналған бюджет (6 шілде) үш есе қысқарды.

Іс-шараларды өткізуге жоспарланған бірқатар шаралар болмайтын болды. Олардың қатарында қазақстандық және ресейлік әртістердің қатысуымен Open Air, ашық аспан астындағы Гала-концерт, басты алаңдарда жаппай серуен бар, деп хабарлайды zakon.kz.

"Шығындарды оңтайландыру мақсатында мерекелік іс-шараларға арналған бюджет қысқартылған", —деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов.

300-400 млн теңгеден көп емес. Бұл бұрынғыдан әлдеқайда аз. Тек мәдениетте ғана емес. Бұл - объектілерді көркейту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сахналық және техникалық құрал-жабдықтарды орнату шығындары".

Мерекелік іс-шаралар саябақтарда, скверлерде, бульварларда, Есіл жағасында және қала шетіндегі сегіз тұрғын алабында өтеді.