​Астанада 80-дегі ақсақал 55 жастағы әйелге үйленді

12 желтоқсан, 17:15

Астанада жыл басынан бері 11 мың жұп некеге тұрған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі берген мәліметке сенсек, елордада шаңырақ көтергендер саны артып келеді. АХАТ статистикасына сәйкес, жас жұбайлардың орташа жасы да айтарлықтай өскен. Мәселен, қалыңдық орта есеппен 25 жасында тұрмысқа шықса, ер азамат 35 жасында үйленеді. Айтпақшы, Астанада заңды некеге тұрған ең егде жұпты да әкімдіктегілер мәлімдеді. Яғни, 80 жастағы қария ең кәрі күйеу жігіт атанып отыр. Оның жары 55 жастағы әйел.