Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана ашылды

04 желтоқсан, 09:49

Кітапхана "Назарбаев" университетіне тиесілі. Онда 400 адамға арналған 4 зал ашылды. Аумағы 10000 шаршы метрден асады. Бір ерекшелігі, кітапхана тәулік бойы үздіксіз оқырманды қабылдауға дайын.

Рухани азық орнының өкілдерінің айтуынша, аталған оқу ордасында бұған дейін тек 2 зал ғана оқырман қабылдап келіпті. Студенттер тарапынан түскен ұсыныстар негізінде олардың тек ауқымы артып қана қоймай, жұмыс уақыты да ұзарып отыр. Мұнда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетіледі. Еске сала кетсек, жоғары оқу орнындағы кітапхана бұған дейін таңғы сағат сегіз жарымнан түнгі онға дейін ғана жұмыс істеп келген.

ФОТО: Nazarbayev University