Астаналық келіншектің несие алып шыққан бойда ақшасын ұрлап кетті

25 қаңтар, 15:30

Астаналық әйел азаматы банктен несие алып шыққаны сол қолындағы қаржысынан айырылып қалды. Банктен шыққан тұрғынды ізінен аңдып, ақшасын тартып алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Тергеу болжамы бойынша, күдікті Астанадағы банк филиалдарының бірінде несие алып жатқан тұрғындарды алдын ала қарап шыққан. Арасынан бірін таңдап, соңына түскен. Үйіне жете бергенде аулада әйелдің ақша салынған сөмкесін тартып алып қаша жөнелген. Бұл сәтте куәгер де болған. Соның көмегімен күдікті қолға түсті. 29 жастағы ер азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жасаған әрекетін мойындады. Оның үстінен тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қолғалыпғ тергеу амалдары жүріп жатыр.