23 қараша, 12:10
Жыл соңына дейін Астана қаласында биометрикалық механизмді пилотты режимде іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды city01.kz «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Пилотты жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылмақ. Оған қаржы шығындалмайды.
Ведомстваның мәліметінше, азаматтарды биометрикалық мәліметтер базасында тіркеу ерікті түрде жүзеге асырылады. Тіркеу қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі.
«Мәліметтердің биометрикалық механизм базасы дегеніміз – халыққа қызмет көрсету орталықтарында және электронды үкімет порталдарында қызмет алушылардың жеке басын анықтау кезінде жеке құжаттарын немесе электронды-сандық қолтаңбасын қолданбай-ақ бет-келбетін сканерлеу және саусақ іздерін алу», - деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ баспасөз қызметі.
Биометрикалық мәліметтер қолданушылардың ақпараттық жүйелерде белсендірілуі үшін қолданылады. Биометрикалық анықтауды енгізу қазақстандықтарға құжаттарды өзге тұлғалардың қолдану қаупін болдырмай мемлекеттік қызметтерді оңай алуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесі қаралатын болады деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ баспасөз қызметі.
Автор:
Татьяна Демина