Қасым-Жомарт Тоқаев: "Үкіметтен ақша бөлінеді. Үйлеріңіз жөнделеді"

24 маусым, 23:21

​Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына ұшып келді.

Мемлекет басшысымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да бар.

Президент кортежі қалаға барды. Қазір Арыста барлық жер қоршалған. Арыс маңында екі штаб жұмыс істейді.

"Кейбір тұрғындар қазір қала маңындағы мектепте. Арыс қаласында ешкім жоқ дейді", - деді жергілікті тұрғын.

Арыс маңына келген кезде ешқандай жарылыс дыбысы естілген жоқ.

Қорғаныс министрі Президентке Арыс қаласындағы апатқа байланысты жағдайды хабарлады.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эвакуацияланған Арыс тұрғындарымен кездесті. Ордабасы ауданы, Төреарық елдімекені, Тәуке хан мектебіндегі жиналғандарға Тоқаев басу айтып, сабырға шақырды. Мемлекет тарапынан зардап шеккендер материалдық тұрғыда қамтамасыз етілетінін айтты.

"Қаланы қалпына келтіреміз. Бұл төтенше жағдай. Үкімет қаражат береді, көмектеседі. Қаражатты есептейді. Үйлер жөнделеді. Бәрі дұрыс болады. Арнайы келіп отырмын. Барлығын да түсінемін,"-деді Мемлекет басшысы.