​Қасым-Жомарт Тоқаев маскасыз жүрген журналистерді сынға алды

21 наурыз, 18:15

Елордадағы Шұғыл әрекет ету орталығына барған Мемлекет басшысы журналистер де маска тағып жүру керектігін ескертті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Президенттің бұл ескертпесінің видеосын баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында бөлісті.

«Бүгін таңертең телеарналардан жаңалықтар көрдім. Журналистер сұхбат алып жүр, ешқайсысы медициналық маска тақпаған. Дәмханаға, мейрамханаға кіріп еш алаңсыз сұхбат жүргізуде. Егер журналистеріміз бетперде тақпаса, онда қарапайым азаматтарымыз жайында не айтуға болады?.. Сондықтан барынша байыппен қарайық. Бұл - өте қауіпті ауру, пандемия. Бүгінде коронавирус әлемнің 160-тан астам еліне тарап үлгерді. Соңғы он жылдықта жер бетінде мұндай болған емес», - деді Мемлекет басшысы.