Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылған болатын.
Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Әлия Ғалымжанқызы Рақышева1980 жылы Алматы қаласында туған.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
2001-2002 жылдары – Әділет министрлігінің халықаралық құқық және протокол департаменті, халықаралық құқық және мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау департаменті, заңнамалық департаментінің жетекші маманы болды.
2002-2005 жылдары – Әділет министрлігінің заңнамалық департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, заң жобалары қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйеге келтіру департаментінің бөлім бастығы, заңнамалық департаментінің бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы қызметтерін атқарды.
2005-2007 жылдары – ҚР Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі болды.
2007-2013 жылдары – ҚР Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы, 2013-2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінде отырды.
2018 жылдың сәуірінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған.
ФОТО: Tengrinews.kz