Ақтауда дүкен ішінен ерлі-зайыптының мәйіті табылды

20 желтоқсан, 11:49

Ерлі-зайыптының денесі өздері жалға алып отырған дүкен ішінен табылды. Әйел адамның денесінің 20 жеріне пышақ жарақаты салынған, деп хабарлайды Лада басылымына сілтеме жасап Elitar.kz.

Басылымның сенімді дереккөзінің хабарлауынша, оқиға Ақтаудағы 28 мөлтекауданда орын алған. Болжам бойынша 16 желтоқсан күні ерлі-зайыптылар дүкенді жабар кезде ер кісі әйеліне 20 реттен астам пышақ сұғып алған. Артынша өз-өзіне қол салыпты.

Полиция департаментіндегілер қанды оқиғаға қатысты мән-жайды анықтап жатыр. Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

ФОТО: akzent.zp.ua